МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖГЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖГЕ ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
23.09.2020 12:48
1208
0

Жуырда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Павлодар қаласындағы "Әбу Бәкір Сыддық" медресе-колледжіне Омаров Нұрсеит Абдумталиұлы директор болып тағайындалды.

Жаңа басшыға бұл медресе таңсық емес. 2003-2008 жж Павлодар қаласы Инновациялық Еуразия Университетінің "Қазақ тілі және әдебиеті" мамандығын бітірген соң, Павлодар қаласы Ішкі саясат басқармасы Аналитикалық ақпарат орталығында маман болып қызмет атқарған Нұрсеит Абдумталиұлы 2011-2014 жж аталмыш медреседе "Исламтану" мамандығы бойынша білім алып, оқуын аяқтағанннан кейін медреседе "Арнайы пәндер ұстазы" қызметін атқарған. Ал  2015 жылы медресе директорының орынбасары болып бекітіліп, оған қоса 2016-2018 жж аралығында медресенің жанындағы "Қасым қажы" мешітінің бас имамы қызметін атқарды. Сондай-ақ, 2014-2016 жж арасында Шет тілдер және Іскерлік карьера университетінде білімін шыңдап, "Дінтану" магистрі атанды.

Білім жолында да, еңбек жолында да көрген-түйгені мол - жаңа басшы, медресе-колледж жұмысына серпін беріп, тың бастамаларға себепші болады деген сенімдеміз.

0 пікір