Мәулет мерекесіне орай қайырымдылық жасады
Мәулет мерекесіне орай қайырымдылық жасады
31.10.2019 10:02
286
0

Павлодар қаласының Ерлан Мухатов есімді тұрғыны Мәуліт мерекесіне орай қайырымдылық жасады. Ол көмекке мұқтаж үш отбасыға азық-түлік үлестірді.

«Мәуліт – Пайғамбарымыз дүниеге келген ай. Сондықтан осы айда Алла разылығы үшін қайырымдылық жасауды жөн көрдім. Әрине, менің жасап жатқаным үлкен бір дүние емес. Оның үстіне дініміз мұндай жұмыстарды жасырын істеуге үндейді. Бірақ, осы әрекетімізбен өз қатарластарымды оятып, игі істер жасауға ынталандырамын деген ойдамын. Өзіміз тоқ болып, өзге бауырларымыз қиындықта күн кешіп жатса, бізге сын болмақ», – дейді Ерлан Мухатов.

0 пікір