«МӘШҺҮР ЖҮСІП ҚАРИЛЕР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНАН» ТӨРТІНШІ ҚАРИ ШЫҚТЫ
«МӘШҺҮР ЖҮСІП ҚАРИЛЕР ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНАН» ТӨРТІНШІ ҚАРИ ШЫҚТЫ
06.08.2021 14:29
1149
0

Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Қиямет күні Құран келіп: «О, Құдай, оны көріктендір» дейді, сонда оған тәж кигізіледі. Сосын ол: «О, Алла, оның көркін арттыр» дейді, оған мәртебелі киім кигізіледі. Кейін: «О, Алла, оған разы бол» делінеді, Алла оған разы болады. Сосын: «Оқы және дәрежеңді өсіре түс және әр аят үшін саған шапағат  етіледі»,-дейді.

Қасиетті жұмада «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде  жұма намазы санитарлық талаптарға  сай мешіт ауласында  өткізілді.  Жұма жұма уағызынан кейін   намаз басталар алдында бас имам Жолдас Қоспақұлы Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп қарилер даярлау орталығы» медресесінің шәкірті  Абдисаматов Али Усарбекұлының   2020-2021 оқу жылы барысында Алланың кәламы болған қасиетті  Құран Кәрімнің 114 сүресін бастан-аяқ толығымен жаттап қари болғанын жамағатқа  сүйіншілеп,   мешіт жамағаты мен демеушілері атынан қаржылай  сый-сияпат тапсырды.

Бүгінгі таңда «Мәшһүр Жүсіп Қарилер даярлау орталығында»  он шақты шәкірт білім алуда.  Орталықтың бағытына сәйкес Құран, Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады.  

Алла баршамызға Құран жолымен жүруді нәсіп етсін!   

 

 

0 пікір