«МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
«МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
04.10.2021 17:40
542
0

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің 20 жылдық мерейтойы құрметіне орай ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен әйел-қыз шәкірттері арасына волейболдан арнайы турнир ұйымдастырылды. Жарысқа қалалық «Омар әл Фаруқ» мешіті, Екібастұз қалалық мешіті, Тереңкөл ауданы және «Мәшһүр Жүсіп» мешіттерінен толық құрамда командалар қатысты.

Жарыс нәтижесінде: Тереңкөл аудандық мешітінің «Иман» командасы 1-орын, «Омар әл Фаруқ» мешітінің «Бірлік» командасы 2-орын, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Ихсан» командасы 3-орын иеленіп ауыспалы кубок, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар «Әйел-қыздар секторын» атынан облыс бойынша мешіттегі барлық  ұстаздарды  мерекесімен құттықтап, сый-сияпаттар жасалды.

 

 

 

0 пікір