«МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ»
«МӘШҺҮР ЖҮСІП» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ»
24.03.2023 17:22
535
0

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұма күні «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде мұқтаж болған отбасыларға күнделікті қолданылатын азық-түлік салынған 100 қорапша таратылды.  Аталмыш көмек ҚМДБ-ның зекет және қайырымдылық бағыты бойынша берілді. «Рамазан қоржыны» деп аталған бұл қайырымдылық науқанға мешіттің пітір-садақасына түсірілген ақшалары жұмсалды және «Сауап» тобы да өз үлесін қосты.

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында осындай қайырымдылық шаралары  қалалық және  аудандық мешіттерде жағдайға қарай жүргізіліп отыратын болады.

 

0 пікір