«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінде
15.04.2019 16:40
341
0

«Мәшһүр  Жүсіп»  мешітінің жанындағы  қыз  келіншектерге арналған  сауат  ашу  курсының  шәкірттері  арасынан Ақида пәніне байланысты  «Амалдарды  сақтаушы - дұрыс  сенім»  тақырыбында  сайыс болды.

Әйел  қыздар  секторының меңгерушісі Тұрғынбай Ақеркенің ұйымдастыруымен  болған  бұл  шара тыңдарманға  берері  мол  өзекті  тақырыптардың бір. Сенім  дұрыс  болмайынша  құлшылыктарымыздың да сауабыда болмайды. Мешіт ұстазы Тілеуова  Нұрила  Ақиданың тарихымен  маңызы  жөнінде тыңдаушыларға ақпарат берді. Биылғы жастар жылының аясында жастарымызға  әбу  ханифа  мазхабы  соның ішінде  әхли  сунна  уал  жамағат  матуриди   мектебінің  көзқарасын  ұстанатынымызды  насихаттау болды. Иманның  негіздерін  әр  қатысушы  6 топ  жеке-жеке аят  хадистермен  дәлел  келтіре  отырып  ашықтап  түсіндірді. Кейіңгі  кезең  ғибадат пәнінен  билет   түрінде  сұрақ жауаптар болды.

 Барлық  қатысушылар жоғарғы  деңгейде  дайындалып келгендіктен  мақтау қағаздарымен сыйлықтар берілді.

 

 

0 пікір