«Мәшһүр Жүсіп» мешіті бәйге жариялады (ФОТО)
«Мәшһүр Жүсіп» мешіті бәйге жариялады (ФОТО)
16.05.2018 15:59
1128
0

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті бәйге жариялайды!

ҚМДБ-ның  Павлодар облысы бойынша өкілдігі  биылғы қасиетті Рамазан айы қарсаңында өкілдікке қарасты мешіт жамағаты мен жастар арасына  ғұлама, ойшыл, ақын,  дін насихатшы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 160 жылдық  мерейтойы құрметіне орай «Бабалар даналығы» номинациясы бойыншағибратты-танымдық  мақалалар бәйгесі, ал  қала, аудан, кент, ауыл имамдары арасында «Даналар дауысы»номинациясы бойыншағибратты-танымдық  уағыздан шығармашылық бәйге жариялады.

«Шығармаларға қойылатын талаптың  ең бастысы, шығарма Мәшһүр Жүсіп атамыздың бай мұрасынан  береке мен бірлікті, әділеттілік пен имандылықты дәріптеген озық үлгілерін халыққа насихаттауды арқау етуі тиіс.Шығарманың көшірме болмауы шарт, яғни бөгде автордың ойын немесе оқиға желісіне ұқсас жазылған болса, сайысқа қабылданбайды. Егер бұрын жарияланған шығарма болса, алғашқы дереккөзді көрсетуі қажет. Шығарманың мәтіні қатесіз әрі сөйлем құрылысы дұрыс болуы шарт»,-дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.

Бәйге жүлделері имамдар мен жамағаттың әрқайсысына:

Бірінші  орын – бір. 160 000 (Бір жүз алпыс мың) теңге

Екінші  орын – бір. (Бір жүз мың) теңге

Үшінші  орын – бір. (Жетпіс мың) теңге

Жәнеекі номинация бойынша да бірнеше ынталандырусыйлығыберіледі.

Бәйгеге қатысып жүлделі орын иеленген шығармалар «Мәзһаб.кз» діни-танымдық  порталында жарияланады.Шығармалар 2018 жылдың мамыр айының 17-нан маусым айының 11-не (Қадір түніне) дейін қабылданып, Ораза айт мерекесінде жүлделер табысталады.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір