Күн тәртібіндегі мәселелер пысықталды
Күн тәртібіндегі мәселелер пысықталды
03.09.2019 10:08
502
0

2019 жылғы 2 қыркүйекте Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде аудан, қала имамдарының қатысуымен жиын өтті. Онда күн тәртібіндегі негізгі мәселелер пысықталды.

Алдағы аптаның бейсенбісінде Павлодар облысының дін қызметкерлері жаппай аттестациядан өтеді. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдері дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін тексереді. Биыл Павлодар облысы бойынша 100-ден астам адам аттестацияға қатысады деп күтілуде.

Жиында әрбір аудан-қаланың алдағы аттестацияға дайындығы пысықталды. Имамдар кезекті сынақтан сүрінбей өтеміз деп сендірді.

Сондай-ақ жиын барысында мешіттердің қысқыға дайындығы да сөз болды. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысындағы өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы мешіттерді қажетті көмірмен ертерек қамтып, жылу қазандықтарын ауыстыру жұмыстарын жеделдетіп аяқтауды тапсырды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан, қала имамдарына басқа да тапсырмалар жүктелді.

 

 

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

0 пікір