Көмек жасалды
Көмек жасалды
16.12.2018 15:12
1697
0

Тәуелсіздік мерекесі күні Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешіті мұқтаж болған 30 отбасына азық-түлікпен қайырымдылық көмек жасады. Әрбірінде ең қажетті азық-түліктер салынған қайырымдылық пакеттерін үлестірген наиб имам Қабаев Қанат  келген адамдарды мереке күнімен құттықтап, алда келе жатқан 2019 жыл  байлық пен берекеге толы  болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болуын тілеп дұға жасады.

 Көмек алған адамдар мешіт ұжымына, қайырымды азаматтарға алғысын білдірді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір