Кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды
Кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды
17.05.2019 17:10
449
0

Рамазан айының 11-і, қасиетті жұма күні «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласында «Әбу Бәкір Сыддық медресесіне қайырымдылық көмек кітап жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.  

Жәрмеңкеге  мешіт демеушісі Қызыр Жанарыс  ұйтқы болды. «Осы жолы ҚМДБ-ның сараптамасынан өткен 70-80 түрлі  300-ден астам діни-танымдық  кітапты жәрмеңкеге шығардық. Барлығы да жаңа кітаптар. Кітаптар өтіп жатыр. Бүгінгі жұма күні мешітке Құран оқытуға, пітір-садақа салуға келген адамдар  кітапты қызығушылықпен көріп,  алып та жатыр. Кей жастар бірнеше кітаптар сатып алып мешіт кітапханаларына да сыйға тартуда. Бұл жәрмеңкені келесі жұмада Екібастұз қаласына да ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Бұдан түскен қаражатты  толығымен «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің қажеттілігіне  аударамыз»,-дейді Қызыр Жанарыс.

 

 

0 пікір