КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ!
КЕЗЕКТІ  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ!
05.07.2019 16:15
617
0

Қасиетті Құранның «Хаж» сүресінің 77-аятында Алла Тағала құлдарына: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» - дейді.  Сол үшін мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол. Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады.

Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қайырымдылық шаралар тұрақты жалғасын табуда. Бұл шараға мешіттің «Зекет» қоры демеушілік жасап келеді. Кезекті  ұйымдастырылған игі істе облыстағы әлеуметтік аз қамтылған 20 отбасы азық-түлік пен 40-қа жуық адам киім-кешектер үлестірді.  

Осы шараға қол ұшын берген барша жомарт жандарға тұтынушылар да  алғыс-ризашылықтарын  білдірді. 

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір