Кезекті ауызашар «Омар әл-Фаруқ» мешітінде болды
Кезекті ауызашар «Омар әл-Фаруқ» мешітінде болды
11.12.2018 09:57
1092
0

Павлодар қалалық мешіттерінің кезекті ауызашары дүйсембі күні «Омар әл-Фаруқ» мешітінде ұйымдастырылды. Қалалық мешіттерден нәпіл ораза ұстаған 100-ге жуық жамағат жиналған ауызашар дастарханы басында облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы  кең көлемде  тағлымды уағыз айтты. Мешіттің жамағат әйелдері де өз бөлмелерінде намазхан құрбыларымен бірге ауызашар дастарханында бас қосты.

 «Омар әл-Фаруқ» мешітінің бас имамы Есімбек Советұлының келелі батасымен байыған дастарханнан кейін намазаралық уағызға қаныққан жамағат құптан намазын оқып тарқады.

 

 

0 пікір