Келіндер сайысы ұйымдастырылды
Келіндер сайысы ұйымдастырылды
19.12.2018 13:22
2813
0

«Ислам және отбасы» жылы аясында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен  «Келіндер сайысы»  жүргізілді.

Сайыс  Құран оқумен басталып, бекітілген бағдарлама бойынша өзін көркем мәтінде таныстыру, «Үй тапсырмасы», «Кім шебер», «Ата мұра - асыл қазына»; «Кім ширақ» тақырыбындағы бөлімдер  арқылы жүргізілді. Қатысушылар ерекше дайындықпен белсене қатысқан сайыс соңы Ақжігіт Нұргүл, Хамидуллаева Гүлнұр, Зулпыбекова Балнұр, Мұратбек Айнұр,  Асқар Ардақ, Сапарәлі Ақтотылар топ жарып, тиісті сый-сияпаттармен марапатталды.

Соңында қатысушылар мешіт шәкірттерімен бірлесіп  хормен «Аллаға мадақ, Пайғамбар(с.ғ.с)-ға салауат» айтып,  «Жақсы әйел қандай болу керек» бейнеролик  көріп тарқасты.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

 

 

 

 

0 пікір