ЖЫЛЫБҰЛАҚ АУЛЫНДАҒЫ МӘУЛІТ
ЖЫЛЫБҰЛАҚ АУЛЫНДАҒЫ МӘУЛІТ
26.11.2019 10:48
400
0

Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ аулының «Темір молда» мешіті мәуліт мерекесіне орай ауылдағы мәдениет үйінде арнайы мәдени шара өткізді. Шараны ауыл жамағаты көп келіп тамашалады. Мәдениет үйінде термелер айтылып,  ауданның бас имамы Исабек Ақжол кеңінен уағыз насихаттар  айтып, арабша мәуліт оқыса, «Темір молда» мешітінің  имамы қазақша мәуліт оқып, жамағатпен салауат айтты.

Мәуліт кешіне келген жамағатқа Пайғамбарымыз(с.ғ.с) туралы танымдық сұрақтар қойылып, діни кітаптар сыйға берілді. Кеш соңында мешітте ас беріліп уағыз насихаттар жалғасын тапты.

 

 

0 пікір