Жылы жүрек, жомарт қол (ФОТО)
Жылы жүрек, жомарт қол (ФОТО)
08.02.2018 12:08
449
0

Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртсек, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз.  Алла Тағала  жақсылық, қайырымдылық жасаған адамдарды мол сауапқа кенелтеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық - жақсы қасиет»,- деген.

Ата-бабаларымыздың да  ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Оның ішінде адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Осының айқын көрінісі ретінде Мухтаева Жанар Әкімжанқызы бастаған Павлодар қалалық  №28 сәбилер бақшасының ұжымы ата-аналармен бірлесіп  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі арқылы  мұқтаж болған, көп балалы отбасыларыға арнап әртүрлі киімдері тарту етті.

«Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішілі бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған.  Тамыз айынан бастап  ата-аналармен келісу арқылы  мұқтаж отбасы балаларына арнап «Жылы жүрек, жомарт қол» тақырыбында киім-кешек жинау акциясын  ұйымдастырдық. Біздің бақшада балалары тәрбиеленетін ата-аналар ерекше ықыласпен  қолдау көрсетті.  Осылайша бұл киімдер 2-3 ай көлемінде жиналды, Алла ризашылығы үшін мешіт арқылы мұқтаж адамдарға үлестіруді жөн санап сіздерге тапсырып отырмыз»,-деді бақша меңгерушісі Жанар Әкімжанқызы.

Ортамызда осындай қайырымды, мейірімді адамдар мен ұжымдар көп бола берсін, сауапты істер алда жалғасын таба берсін!..

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

0 пікір