«ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛА!» НАУҚАНЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА

ҚМДБ «Зекет» қорының бастамасымен Павлодар облысында «Жылулық сыйла» қайырымдылық науқаны ұйымдастырылып, облыс бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді.
Бұл туралы облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы: «Республикалық «Жылулық сыйла!» акциясы бойынша Павлодар облыс бойынша бр миллион бес жүз мың теңге көлемінде қаражатқа қайрымдылық іс-шаралар жасалды. Оның ішінде 76 тонна көмір алынып 40 тоннасы «Әбу Бәкір сыддық» медресесін берілсе, 36 тонна көмі, 7 куб ағаш отыны мұқтаж отбасыларға үллестірілді. Сонымен қатар балаларға арналған 80 пар қысқы аяқ киім, 13 қысқы куртка және азық-түлік пакеттерімен қоса 128 отбасына жеткізіп берілді»,-деді.