«ЖЫЛУ СЫЙЛА!» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
«ЖЫЛУ СЫЙЛА!» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ
22.02.2021 10:16
234
0

Қайырымдылық шараларын тұрақты өткізіп тұру мешіттердің алға қойып отырған негізгі міндеттерінің бірі. Бүгінде Павлодар облысы мешіттерінде түрлі қайырымдылық іс-шаралар, сауапты амалдар көптеп жасалуда. Өткен аптада  Шарбақты ауданы «Қызыр» мешіті "Жылу сыйла!" тақырыбындағы қайрымдылық шарасы бойынша  аз қамтылған, көмекке мұқтаж бірнеше отбасыға  ҚМДБ, «Зекет» қоры арқылы  көмір және отын ағашымен көмек көрсетті.

Жалпы, қайырымдылық  шарасын  аудан, ауыл мешіттері жүйелі  түрде жүргізіп келеді.

«Мешіттен қолдау, көмек  сұрап келген жамағаттың тілегін қабыл алып, мүмкіндігіміз жеткенше жәрдем береміз. Осындай қайырымдылық жұмыстары аудан бойынша әр апта сайын жасалып келеді. «Жылу сыйла!» шарасына көмек берген барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Жақындарымыға, көршілерімізге әрқашан қарайласып жәрдемдесіп тұрайық», -дейді аудан имамы Ақжол Исабекұлы.

Иә, бүгінгі төтенше ахуалға байланысты  мешіт есіктері жабық болғанымен мейірім, қайырымдылық есіктері әрқашан ашық екенін ұмытпайық, ағайын!

 

 

0 пікір