ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ЖЫЛДЫҚ  ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
18.01.2023 11:13
450
0

Павлодар облысы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде облыстық "Әйел-қыздар секторының» 2023 жылы атқарылатын жұмыс жоспарын талқылауға арналған жиын өтті. Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жиынға арнайы  қатысты.

Жиында  2023 жылға арналған жылдық жоспары бойынша  Павлодар облысы өкілдігіне қарасты мешіттердің әйел ұстаздарына жыл бойы атқарылатын жұмыс бойынша жоспарға сәйкес тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар ұстаздарға жоспарға сәйкес  ұсыныстар айтылып, жұмыстың жақсы жүруі үшін бағыт бағдар беріп, пікір алмасты.

Облыстық «Әйел-қыздар сектор»-ының жетекшісі Тұрғынбай Ақерке өкілдікке қарасты өзге мешіт ұстаздарына дін мен дәстүр сабақтастығы, уағыз насихат, мәдени және қоғамдық іс шаралар, қайырымдылық өткізудің маңыздылығы жайлы айтып, жоспарға сәйкес тапсырмалар  берді.

 

0 пікір