«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА
«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА
19.05.2020 01:38
285
0

Қасиетті Рамазан айының басталысымен «Ақмешіт» мешітінің дін жанашырлары, намазхан бауырлар қаражат жинап әр жұма сайын «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын жалғастыруда. Рамазан  айының үшінші жұмасында «Ақмешіт» мешіті атынан 60 мұқтажды отбасына азық-түлік таратылы. Сонымен бірге Павлодар ауданына қарасты, Мойылды кентінің 10 мұқтажы отбасына азық-түлік жеткізіліп берілді. Қасиетті айдын төртінші жұмасында 100 мұқтажды отбасы мен жалғыз басты аналар және мүгедек адамдарға азық-түлік берілді. Жасалып жатқан ізгі ниетті жұмыстарымыз үшін ғаламтор арқылы оқырмандар мен мұқтажды жандар шын жүректен алғыстарын білдіруде. Сауапты ісіміз жалғасын тауып, алдағы жоспарларымызды іс жүзіне орындауға Алла Тағала нәсіп еткей!

 «Ақмешіт» мешіті

0 пікір