«ЖОЛАУШЫЛАР БӨЛМЕСІ» АШЫЛДЫ
«ЖОЛАУШЫЛАР БӨЛМЕСІ» АШЫЛДЫ
22.02.2021 09:44
123
0

Павлодар облысы, Аққулы аудандық «Ғабдул Уақит хазірет» мешітінде «Жолаушылар бөлмесі» ашылды. Әлбетте, бұл исламда ертеден келе жатқан Алла ризашылығы үшін жасалатын сүннет амалдың бірі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ-ның бастамасы бойынша күре жол бойында орналасқан мешіттерге сапардағы жамағатқа арналған бөлме ашып, жабдықтау туралы тапсырмасы бүгінде мұсылман қауымының көңілінен шыққан оңтайлы шара екендігі айтылып, жолаушылар да көптеп алғыс білдіруде.

«Бөлмеде алыс жолдан келе жатқан жолаушылар тынығып өтетін жағдай түгелдей жасалған.  Сапардағы адам  қыстың суығы, жаздың аптабында жолай аталмыш мешіттің осы арнайы бөлмесіне кіріп бір сәт  тынығып, дәрет алып, сапар намазын оқып, ыстық шай қайнатып ішіп, немесе жеңіл сусын, жеңіл ас мәзірімен тамақтанып, шаршауын басып, мүмкін аздап мызғап алып арықарай сапарын жалғасыра беруіне болады. Тіптен көлігі бұзылып далада қалып жатса түнеп кетуіне де болады. Облысымызда  осымен екінші  «Жолаушылар бөлмесі» бөлмесі ашылып отыр. Мұндай қайырлы шара жол бойындағы мешіттерде жалғасын таба беретін болады»,-дейді «Жолаушылар бөлмесі»-нің ашылу шарасына қатысқан облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

 

 

 

0 пікір