Жиырма отбасына қайырымдылық жасады
Жиырма отбасына қайырымдылық жасады
24.05.2019 14:14
1161
0

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 148-аятында: «Жақсылықта жарысыңдар…» -деп бұйырса, «Ниса» сүресінің 127- аятында:  «Қайырдан не істесеңдер де, сөзсіз Алла оны күдіксіз біледі», - деп  қайырымдылық жасағандарды үлкен сауапқа кенелтетінін айтады. Ал  сауабы еселеніп жазылатын қасиетті Рамазан айында  әрбір мұсылман адам бұл мүмкіндіктерді қалт жібергісі келмейді. 

 Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің зекет өкілі  «Қолдан қолға!» қайырымдылық акциясы арқылы демеуші жамағаттың қолдауымен  Рамазан айының қасиетті жұма күні  20 отбасына көмек көрсетті. Оларға 50 мың теңгенің көлеміндегі  азық-түлік пакеті және демеушілер арқылы жиналған киім-кешектер табыс етілді.

Бұл отбасыларда негізінде ауру-сырқау, мүгедек жандар, көпбалалы және жалғызбасты аналар тұрады. Әркез мешіттерден қолдау көріп отыратын  отбасы мүшелері мешіт қызметкерлеріне риза болып, алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Алла Тағала баршамызға жақсы істер жасауды нәсіп етсін!

 

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

0 пікір