Желідегі жастар насихаты қолға алынды
Желідегі жастар насихаты қолға алынды
11.08.2015 10:37
854
0
Индонезияда мұсылман жастары әлеуметтік желілерді бейбітшілік пен төзімділік құралы ретінде пайдалануда.

«Нахдлатул улама» индонезиялық ислам ұйымының белсенді жастары исламның бейбітшілік ұранын әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттауға бел буып, ақпараттық редакция ашуды ұйғарып отыр. Бұл туралы аталмыш ұйымның Джомбанг қаласындағы В.Хасбулла университетінде өткен 33-ші ұлттық конгресінде мәлім болды.

«Егер біз осы ұйымдағы көпшіліктің қолдауымен, интернет желілерінде өз ақпараттық алаңымызды орнатсақ үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз» деді Nu Online ұйымының ресми сайты редакторы Савик Әли.

Белгілі блогер жастар қауымын Ислам діні үшін әлеуметтік желілерде, ақпарат айдынында қызмет етуге шақырды. «Сіздердің әрбірлеріңіз қалай Құран оқитындықтарыңызға дейін тұрақты жазып, пікірлеріңізді әлеуметтік желілерде таратсаңыздар. Аптасына бір рет болса да осындай сауапты сөздермен бөліссеңіздер – теңіз тамшыдан құралғандай, бұл да бір игі іс болады» деді ол.

Конгресс жиынына жиылған 3 мыңға жуық делегат Ислам дініне қатысты өзекті мәселелер төңірегінде пікірлесті. Мұсылман жастары БАҚ саласында бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған экстремистік ағымдардың ақ-қарасын ажыратып, Ислам дініне шынайы бейнесін көрсетуде өз әлеуеттерінің орны айрықша екенін мойындап, осы жолда белсенді қызмет етуге уағдаласты. 

www.hibatulla.kz

0 пікір