Железин ауданы мешітінің жаңалықтары
Железин ауданы мешітінің  жаңалықтары
11.07.2018 10:47
826
0

1.Осы айдың жетінші жұлдызында «Железин» аудандық мешітінде жылдағыдай құрбандық ас берілді. Сенбі күні аталмыш шараға ауданымыздың ақсақалдары ақ жауылықты әжелері жиналды, «Железин» аудандық мешітінің бас имамы Төлеген Мұратұлы жамағатқа уағыз-насихат жасады. Қасиетті құран сүрелері оқылып марқұм болған ата-бабаларымызға сауабы бағышталды. Дастарханнан бұрын мешітте барлық келген жамағат екі рақағат нәпіл намаз оқып ел амандығы үшін қол жайып дұға жасады.

 

2.Шілденің 10-шы жұлдызында «Железин» аудандық мешітте бір ай он күн мектеп жастағы балалар «жазғы лагерь» сауат ашу курстарында діни тәлім-тәрбие үйренді. Осы сауат ашу лагерінде оқыған балаларға емтихан жасалды. Емтиханға «Асайын ата» мешітінің имамы Ғизаят Момынұлы шақырылып, балалардың білімін тексерді. Қатысқын сегіз баладан толық емтихан жасады, нәтежесінде бірінші орын иегеріне жол тандамайтын велосипед ал екінші орынға тағы да бір велосипед сыйға берілді.

        

3.Келесі күні, яғни 11-ші шілде де «Железин» аудандық мешітінің ұйымдастыруымен дәстүрлі болып қалған төрт аудан аралық «МЕН МҰҒАЛІМ СӘНИ КІТАБЫН ОҚЫДЫМ» атты білім сайысы өткізілді. Шараға Ақтоғай, Ертіс, Қашыр және Железин аудандық мешіттері қатысты, жалпы алты команда болды. Алдын ала жарысты Құран оқумен бастадық, сосын мониторға назар аударып командалар қалаған ұяшық таңдап сол жерде дайындалған сұраққа жауап беріп ойын жалғасты. Екінші тұрда балалар сурет салуда жарысты. Үшінші турда жаттаған қысқы сүрелерден жарысты. Үш турдың нәтежесі бойынша бірінші орын Ақтоғай ауданы «Жандарбек қожа» мешіті, екінші орын Қашыр ауданы «Береговое» ауыл мешіті үшінші орын Ақтоғай ауданы «Қожамжар» ауыл мешіті. Сонымен қатар осы жарыстың бір жаңалығы, осында жеңген командағы ауыспалы кубок (переходящии кубок) берілді, келесі жылы осы жарыста қай команда бірінші орын алады сол мешітке кубок кетеді.Алла қаласа келесі жылы осындай жарысты ұйымдастыруға жеребе тастау бойынша Қашыр ауданына түсті.         Келген қонақтарды ауданымыздың орталық өлкетану мұражайына апарып, оларға мұражай қызметкерлері экскурсия жасап қысқаша мұражай жәдігерлермен таныстырды. Ертіс жағалауына барып біраз дем алып балалар ойнап көңілдерін көтерді. Сағат 12:30 қонақтарға дастархан жайылды. Бесін намазын жамағатпен оқып болғаннан кейін қонақтар қоштасып жолға шықты.

 

 

Аудандық «Железин» мешіті

 

0 пікір