«Железин» аудандық мешітіндегі жаңалықтар
«Железин» аудандық мешітіндегі жаңалықтар
27.01.2020 12:47
234
0

1. Қаңтар айынан бері «Железин» аудандық мешітінің арнайы құрылған еріктілер тобы мен аудандық коммуналдық мекемесінің арнайы техникасы келіп, мешіттің айналасындағы қарлар тұрақты тазаланып тұр.

2. «Айбат» жастар даму орталығында ауданның белсенді жастармен кездесу өтті. Аудан мешітінің бас имам Кусаинов Т.М дөңгелек үстел барысында ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасындағы асыл қасиеттер айтылып, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағына тигізер үлесі жайында кеңінен талқыланды.

3. Бас имам еліміздің шекарасын күзететін азаматтармен кездесу өткізіп «Отанды сүю иманнан» тақырыбында ақпарат насихат жасап, діннің атын жамылған радикалды көзқараста болған ағымдар туралы ақпарат берді.

4. Мешіт жамағатының қатысуымен қаңтар айының 24-ші жұлдызында  «Негізгі діни мағлуматтар» кітабы бойынша «Интелектуалды білім жарысы» ұйымдастырылды. Тақырып бойынша ұяшық таңдап сұраққа жауап беріп, сайыс бойы әр қатысушы жеке-жеке жарысқа түсті. Жеңімпаздарға арнайы құнды сыйлықтар табыс етілді. 

5. Железин аудандық мешіті арқылы халалдың дініміздегі маңызы, шариғат және стандарт талаптарына сай мал сою тәртібі атты оқу-семинарда 2 адамға халал қасапшы сертификаты  беріліді.

0 пікір