Жастар жылына жауапты дайындық қажет
Жастар жылына жауапты дайындық қажет
13.10.2018 13:46
1718
0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Келесі жылды(2019) жастар жылы деп жариялап, іс-шаралар өткізу керек, оған біздің тәжірибеміз бар. Жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек» ,- деген еді. Әлбетте бұл шешімді қуана қабылдаған Қазақстан халқы, мемлекеттік  ұйымдар және қоғамдық мекемелер 2019-жастар жылына орай атқаратын  келелі іс-шараларын жоспарын әлден түзе бастады.

ҚМДБ-нан берілген бағыт бойынша Павлодар облысы өкілдігінің «Жастар ісі секторы» да осы бағыт тұрғысында ақылдасуға барлық қала, аудан мешіттерінің наиб имамдары және жастар ісіне жауапты тұлғалардың басын біріктіріп арнайы жиын өткізді. Жиында өкіл имам Жолдас Қоспақұлы жауапты дін қызметшілеріне 2019 жылы мешіттер арқылы жамағат пен жастар арасына жүргізілетін үгіт-насихат, тәрбие танымдық, қоғамдық жұмыстар, спорттық шаралар туралы облыс, аудан, қала, ауыл көлемінде арнайы жоспарлар құру, жасалған жоспарға сай нақтылы іс-қызметтер атқару туралы жан-жақты кең көлемде талдап, әр қала, аудан мешіттеріне тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар алдағы осы қазан айына сиыстырып жастар арасына  ұйымдастыруға болатын аса нәтижелі қоғамдық, танымдық, спорттық және басқа іс-шаралар туралы ұсыныстар күтетінін айтты.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

0 пікір