ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ БІРІ – ҚҰДЫҚ ҚАЗУ
ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ БІРІ – ҚҰДЫҚ ҚАЗУ
25.06.2020 14:48
1330
0

Алла Елшісі (с.ғ.с) бір сөзінде: «Кісі амалы өмірден өтумен үзіледі. Бірақ үш нәрсенің сауабы үзілмей соңынан келіп тұрады. Соның бірі пайдаға тастаған ілімі, жақсы тәрбиелеген перзенті және соңынан қалдырған жария садақасы» - деген. Алла Елшісі (с.ғ.с.) басқа бір сөзінде: «Садақаның жақсысы шөліркеген кісіге су беру» деп ерекшелеген. Тіршіліктің қайнар көзі болған суды шығару тиісті орынға жеткізіп берудің сауаптығы осыдан соң ақ анғарыла береді.

ҚМДБ-ның бастамасымен діни басқарманың 30 жылдықа «30 игі іс шара»   республикалық қайырымдылық жобасы Ертіс-Баян өңірінде жоспар бойынша  жүзеге асып келеді.Соның бірі ретінде еліміздегі санаулы діни оқу орындарының бірі - Павлодар аулында орналасқан  «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің  ауласында таза ауыз су құдығы қазылып, пайдаға берілуі.

Аталмыш құдықтың іске қосылу шарасына ҚМДБ-ның  Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Бертымұратов Жолдас,  аталмыш медресе директоры Ислам Бейбітұлы, Павлодар аулы «Қасым қажы» мешітінің бас имамы Ермек Сыздық  және ауыл тұрғындары мен медресе шәкірттері қатысты.

Сауапты іске осы ауылдың жомарт азаматтары мен кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. Енді бұл табиғи артезианды су медресе шәкірттерінің қолданысына, ауланы  абаттандыруға, жаз айларында  құлшылық жасауға келген адамдардың пайдасына жаратылатын болады.

 

0 пікір