ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАРЫСУ- ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ!
ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖАРЫСУ- ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ!
15.09.2020 12:41
301
0

«Зілзала» сүресінің 7-ші аятында «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады»,-дейді.   Сонымен қатар «Бақара» сүресінің 148-ші аятында «Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар»,-дейді.

Жуырда Павлодарский аулындағы  «Қасым қажы» мешіті «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің бұрыңғы  түлектеріменен бірлесе отырып аталмыш медресеге жаңадан қабылданған шәкірттердің қажетіне арнап бір қап қант, алпыс  дана жұмыртқа, жеті литр май, бес дана шәй, бір қап ұн, бір қап күріш, төрт дана томат пастасы, жиырма кг манная каша,  он кг макарон, бес кг қарақұмық секілді азық-түлікпен  қоса екі шелек, бес литр белизна, қырық дана ыдыс жуатын губка, бес дана фери, қырық дана сынбайтын кружка, қырық дана кесе  қатарлы шаруашылық заттарын  табыстап көмек қолын созды.

   Сондай-ақ «Қасым қажы» мешіті ұжымы атынан «Әбу Бәкір Сыддық»» медресесіне биыл қабылданған 18 шәкіртке  200 қаламсаппен қоса басқа  да қажетті болған  кеңсе заттарын сыйға тартты. Соңында «Қасым қажы» мешітінің молдасы Баязитов Қуат Әбуұлы атамыз  медресе  шәкірттеріне былай деп бата берді:                                                    

 Бисмилләһир рахманир рахим

Бір Алланың мейірімінде,

Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетінде.

Алланың әмірін орындап,

Үйренейік ілімінде.

Көңіл жүрекке жағымды,

Пайдалы білім ұнамды.

Білім, ілім өнерімен,

Адам бәріне пайдалы.

Мешіт, медресе ашқан,

Білім бұлағын қайнатқан.

Қасым қажы ұрпағынан,

Разы болсын жаратқан.

Оқу, біліммен ер жеткен,

Аллаға құлшылық еткен.

Хақ дінге жаны құштар жан,

Медресеге келіп түскен.

Павлодардың ауылы,

Ұзын Ертістің жағасы.

Бұл жерде білім ордасы,

Алланың бұл қалауы.

Мешіт, медресе, спорт зал.

Мәдениетке ашқан жол.

Құлшылыққа шақыратын,

Қасым қажы мешіті бұл.

Бір Алланың құлы, Пайғамбар (с.ғ.с) үмметіміз.

Ата-ананы сыйлау, бұл міндетіміз.

Ұстаздарды құрметпен сыйлау үлгіміз.

Екі дүниеде жарқын болсын жүзіміз.

 

Алла Тағала осы игі істе ат салысқан азаматтарымызға разы болсын!

 

 

«Қасым қажы» мешіті

 

 

 

 

 

0 пікір