«Жандарбек» мешітінде «Дін және дәстүр» тақырыбында ауданаралық сайыс өтті
«Жандарбек» мешітінде «Дін және дәстүр» тақырыбында ауданаралық сайыс өтті
05.03.2019 16:11
1835
0

2019 жыл «Жастар жылына» орай «Жандарбек» мешіті «Дін және дәстүр» атты сайыс ұйымдастырды.

Сайысқа Ақтоғай ауданы «Жандарбек» мешіті, аудандық  «Нұр ана» тобы, Ертіс,  Железин,, Тереңкөл ауданы мешіттері және  Павлодар қаласынан  «Омар әл-Фаруқ» мешіті қатысты.

Аталмыш сайыс дін және ұлттық дәстүріміздің шеңберінде, 3 кезең арқылы өткізілді. Әрқайсысы алдымен өз топтарымен қоса  топ атауын таныстырды. Кейіннен командалар өздеріне берілген үй тапсырмаларын көрініс арқылы жамағатқа көрсетті. Соңғы кезеңде топтар дайындап алып келген  қол өнерлерімен таныстырды.

Әділқазылар алқасының шешімімен барлық топқа бірдей жақсы деген баға берілді. Сайыс нәтижесі ретінде:

  1. Павлодар қаласы «Омар әл-Фаруқ» мешіті бесікке бөлеу, қырқынан шығару, бесік әні, тұсау кесер, азан шақырып ат қою;
  2. Ақтоғай ауданы «Жандарбек» мешіті қыз ұзату;
  3. Ақтоғай ауданы «Нұр ана» тобы шашу шашу;
  4. Ертіс ауданы «Ержан» мешіті жігіт пен қызды таныстыру;
  5. Железин ауданы мешіті құдаласу;
  6. Тереңкөл ауданы мешіті жігітті үйлендіру номинациялары бойынша марапатталды.

Сайыс соңында «Жандарбек» мешітінің имамы А.Қожахметов қатысушыларға алғыс айтып, сөз сөйледі. Кейін қатысушыларға ас берілді. Ас үстінде қатысушы топтарды басқарып келген аудан имамдары тілектерін білдіріп, келесі жылғы сайыс Тереңкөл ауданында өткізіледі деп ұйғарылды.

 

Ақтоғай аудандық «Жандарбек»  мешіті

0 пікір