Жаңабет мешітіндегі Айт тойы
Жаңабет мешітіндегі Айт тойы
12.06.2019 10:23
480
0

Маусым айының 7-сі, Ораза  Айттын үшінші күні Жанабет мешітінде ауыл халқы  айт мерекесін атап өтті. Мерекені сексен жасар қарттардан  сегіз жастағы  балаға шейін мәз-мейрам болып тойлады. Мешіт ауласына қазақтың жұмыртқадай аппақ киіз үйі тігіліп, түрлі-түсті шарлар ілінді. Қасиетті жұма күні болғандықтан алдымен ауыл имамы  надырбаев Қобландының жұма уағызынан кейін ауыл жамағаты жұма намазын оқып, жақсылықтар тілеп дұға жасалды. Түстен кейін сағат 14:00 де ауыл имамы келген халықты Айт мерекесімен  құттықтаған соң  ауыл әкімі  және ақсақалдар  жиылған халықты мерекесімен құттықтап жылы лебіздер білдіріп, жақсы тілек-баталар берді.   Мешіт ауласында спорттық ойындар ойнатылып,  әртүрлі сыйлықтар үлестірілді. Балаларға балмұздақ таратылып, барлығына  киіз үйде ас берілді. Ақжаулықты әжелеріміз халық әндерін орындап,  мереке көрігін қыздырды. Келер жылғы  Айтқа аман-есен жетейік деген игі тілекпен көңілді тарқасты..

 

 

Жаңабет мешіті

0 пікір