ЖАҢА ИМАМ ШАЛҒАЙДАҒЫ ШАЛДАЙДА БОЛДЫ
ЖАҢА ИМАМ ШАЛҒАЙДАҒЫ ШАЛДАЙДА  БОЛДЫ
19.11.2019 18:40
1121
0

Жуырда ғана тағайындалған Шарбақты ауданының бас имамы Ақжол Исабекұлы шалғайдағы Шалдай ауылына барды.  Онда  ауыл халқы жиналып Мәуліт мерекесіне орай ас берді. Халықпен танысып, Құран оқып Пайғамбарымыз ( с.а.с)-ға  салауаттар айтып, дұға жасап, осы ауылда жаңа ашылған мешіттің бастап жатқан іс-қызметімен танысып, жиналған жамағатқа имандылық тақырыбында уағыз-насихаттар айтылды.

Сонымен қатар ауыл халқына жуырдағы үшінші Республикалық имамдар форумы, онда қабылданған басты үш құжат туралы мәліметтер айтылып, мешіт пен жамағаттың міндеттері түсіндірілді.

 

0 пікір