Жалғызбасты жанға көмек жасалды (ФОТО)
Жалғызбасты жанға көмек жасалды (ФОТО)
23.02.2017 12:58
1628
0

22 ақпан күні «Ақмешіт» мешіті Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының арнайы тапсырмасына сәйкес, кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді. Павлодар қаласындағы жер үйлердің бірінде тұратын Қайрат Шукуев есімді жалғызбасты жанға қажетті азық-түлік берілді. Сондай-ақ, игі іске атсалысқандар жер үйдің ауласын қардан тазартып, мұзын ойып, ауланы айнадай етті.

«Ақмешіт» мешіті.  

 
0 пікір