ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАҒАН ШІРКЕУ ҚЫЗМЕТКЕРІ 480 АДАМДЫ ДІНГЕ АЛЫП КЕЛДІ
ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАҒАН ШІРКЕУ ҚЫЗМЕТКЕРІ 480 АДАМДЫ ДІНГЕ АЛЫП КЕЛДІ
03.09.2015 10:10
1401
0

 Руанда африкалық мемлекетінде христиан діні қызметкері өзі Ислам дінін қабылдап, соңынан жүздеген адамның құбылаға жүз бұрып, мұсылман болуына себепкер болды, деп хабарлайды IslamNews.

Салим Микдад есімді пастор ислам ғалымымен пікірлескеннен соң мұсылман болуға бел буады. Аздаған уақыттардан кейін ол Хақ дін туралы өз қауымына насихат айтқан. Бұрынғы шіркеу өкілінің уағызының нәтижесінде 25 тамыз күні ресми түрде 480 адам ислам дінін қабылдаған.

Айта кету керек, Руанда еліндегі мұсылман қауымы жалпы халықтың 4,6% құрайды. Бұл елде ислам дінін қабылдаушылар қатары негізінен католиктер, протестанттар болып табылады. 

e-islam.kz

0 пікір