«ИНАБАТ»-ТА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
«ИНАБАТ»-ТА ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
22.02.2020 14:20
408
0

Павлодар қалалық "Ақмешіт" мешітінің жанынан ашылған "Инабат" қыз-келіншектер клубында облыстық конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен бірлесіп "Ас адамының арқауы" атты шеберлік сағаты өткізілді. Бұл шараның мақсаты қыз-келіншектерге шеберліктің қыр сырын үйрету және инабатты, ибалы тәрбиеге, еңбекке баулу болмақ.

Қыз-келіншектер ою-өрнек ойып,жастық қап жасады және орамалды бисермен әсемдеп түрлі пішіндермен өрнектеді. Сонымен қатар олар "Сникерс","Рафаэлло" торттарын пісіріп,әсемдеді.

Алдағы уақытта көптеген игі істер өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

 

0 пікір