Имамдардың кезекті жиналысы
Имамдардың кезекті жиналысы
04.09.2018 09:17
366
0

Қалалық «Ақмешіт» мешітіне қарасты Павлодар аудандық және ауылдық мешіт имамдарының кезекті отырысы  3 қыркүйек күні өтті. Отырыс барысында Құрбан айтта өткізілген жұмыстардың қорытынды есебі, оның ішінде мешіттердің ең басты жұмыстарының бірі ­– қайырымдылық іс-шаралары туралы қарастырылды.

         Сонымен бірге «Ақмешіт» мешіті мен оған қарасты мешіттерден Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының медресе-колледждеріне түскен болашақ дін қызметкерлері, шәкірттердің қатарын толтыру жұмысы да сөз болды. Имамдардың жүріс-тұрысы, киім үлгілері, сөйлеу мәдениеттілігі туралы мәселе де бұл отырыста  қалыс қалған жоқ. «Халықпен тіл табысу үшін ең алдымен өзінді тәрбиелеп, жөндеуің керек!», - деген «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Евфратұлы имам-молдаларға қысқаша уағызбен жиналысын жалғастырды.

         Павлодар қаласына қарасты бірнеше мешіттерде демеушілердің көмегімен жөндеу, қысқыға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығы да айтылды. 

         «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Қайырбеков Нұрлан ай сайын өткізілетін кезекті жиналысқа дейін біршама мерзімді тапсырмалар беріп, жұмыстың уақытылы орындалуына пәтуаласып тарқасты.

 

 

 Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір