Имамдар скайп арқылы кездесуде (ФОТО)
Имамдар скайп арқылы кездесуде (ФОТО)
06.08.2018 14:31
1297
0

Бүгін ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілі, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы, скайп (skype) бағдарламасы арқылы қала, аудан имамдарымен байланысқа шықты.

Алдымен  Бас имам: Скайп  - әлем бойынша өз әрiптестерiңмен,  жора-жолдастарыңмен және  бауырларыңмен интернет желiсі арқылы қатынасуға мүмкiндiк беретiн бағдарламалардың бірі екенін атап өтті.

Сол себепті осындай онлайн жиындарды аптасына бір рет өткізіп, әр түрлі мәселелермен тақырыптарды шешу үшін дәстүрге айналдыру керектігін айтты.

Өкіл имам Жолдас қажы Қоспақұлы имамдардың «Нұр Мүбарак» университеті мен медреселерге шәкірттер дайындау, ілестіру барысы, «Жаназа және діни рәсімдер» кітабынының таралуы, насихатталуы, алдағы Құрбан Айт мерекесі мен қажылық парызын өтеуге үміткерлердің дайындығы т.б көптеген мәселелерді кеңінен таныстырып, арнайы тапсырмалар мен нұсқаулар берді.

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі

0 пікір