ИМАМДАР «РУХАНИЯТ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА
ИМАМДАР «РУХАНИЯТ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА
07.02.2019 21:53
412
0

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің бастамасы бойынша Павлодар облыстық «Ертіс» телеарнасы  2019 жыл шыққалы рухани-ағартушылық бағытында «Руханият» бағдарламасын бірлесіп жүргізіп келеді. Бағдарламаға қала, аудан имамдары тұрақты қатысуда.

Бағдарламаға облыс  өкіл имамы  Жолдас Қоспақұлы «Қайырымдылық жасау-әр адамның парызы» тақырыбында, ал «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат «Құлшылықтағы ниеттің орны», имам Арман Найма «Үнемшілдік-ырыс, ысырапшылдық-шығыс», имам Қожамұратов Елбек «Ажырасу-амал емес, адасу» тақырыптар бойынша көрермендерге асыл дініміз аясында  кең көлемде уағыз-насихаттар айтуда.

Бағдарлама  әр аптаның жұма күні сағат 18.10-да аталмыш арна арқылы көгілдір экранға шығады.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

0 пікір