ИМАМДАР РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ
ИМАМДАР РАМАЗАН АЙЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ ПЫСЫҚТАДЫ
16.03.2023 13:47
467
0

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлының төралығымен  қала, аудан имамдарының Рамазан айына дайындықты пысықтау жиыны болып өтті.

Жиында, бас имам Жолдас Қоспақұлы ҚМДБ-нан қасиетті Рамазан айына орай берілген жалпы нұсқау–бағыттарды имамдарға кеңінен таныстырды.

 Имамдар ұлық айда атқаратын жұмыстарын жан-жақты жүйелеп, тыңғылықты дайындық жасап, оразаның қадір-қасиетін жамағатқа көбірек насихаттауға пәтуаласты.

“Біз, Рамазанда Хаққа да, халыққа да қызмет етеміз. Сондықтан, қасиетті айда атқарылуы тиіс шараларға тиянақты болып, өзімізге берілген міндеттер мен жауапкершілікті жанашырлықпен, ықыласпен, ихсанмен орындауымыз керек. Рамазанда Алланың разылығы мен халықтың алғысын алу баршамызға нәсіп болсын. Осы жолда Алла бәрімізге күш-қуат, рухани бірлік берсін! “, – деді Жолдас Қоспақұлы.

Ортақ мәміле жасап, ортақ іске жұмыла кірісуге әзір болған имамдар қауымының келелі жиыны  келе жеткен қасиетті айда алға қойған мақсаттарының берекелі болуын тілеген алқалы батамен байыды.

 

0 пікір