Имамдар мен мешіт іс басқарушылары бас қосты
Имамдар мен мешіт іс басқарушылары бас қосты
06.11.2018 09:31
496
0

Павлодар имадары және мешіт іс басқарушыларының  кезекті басқосуы аптаның алғашқы күні өтті.  Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы олардың алдына кезек күтіп тұрған басты  іс-шаралар болған жылдық есепті тапсыру,  ҚМДБ басылымдарына жазылу, орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жүріліп жатқан ауыл имамдарының апталық курсіне имамдарды уақытында толық қамту және ең бастысы парыз болған-Зекет мәселесін жыл соңына дейін  реттеуді басты міндет етіп жүктеді.

Сонымен қатар қала мешіттері жат ағымға қарсы насихатты пәрмендендіру мақсатында әр аптаның дүйсембі күндері жамағат арасына кезекпен ауызашар ұйымдастыру,  мешіт қызметшілері және жамағаттан құралған командалар арқылы спорттық шаралар жүргізу т.б көптеген міндеттерді атап өтті.

Мешіт мүлкі мен құжаттарының реттелуі, қайырымдылық іс-шаралар және өткізіліп жатқан акциялар туралы  нақты анық мәліметтер беру тапсырылып,  алда атқаратын басқа жұмыстар, соның ішінде жыл бойғы жұмыс қорытындысы ретінде қарастырылатын «Жылдың үздік имамы» байқауының барысы, Мәуліт мерекесіне байланысты бірталай шешімдер қабылданды.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

0 пікір