Имамдар «1 студия» бағдарламасына қатысты
Имамдар «1 студия» бағдарламасына қатысты
10.11.2019 17:59
224
0

«ERTIS» телеарнасындағы «1 студия» бағдарламасы кезекті көрсетілімін «Имам – діннің айнасы» деген тақырыпқа арнады. Телебағдарламаға «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Елбек Қожамұратов, Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қылышев, Лебяжі ауданының бас имамы Мақсат Ибраев және Павлодар қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің бас имамы Біржан Әкімбеков қатысып, көрермендермен ой бөлісті. Бағдарламаны белгілі журналист Қуандық Танабас жүргізді.

Бағдарламада ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар талқыланды. Имамдар «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасы, ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі және ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі секілді құжаттарды егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, бағдарлама тікелей эфирде өткендіктен, көрермендер тарапынан көп сұрақ қойылды. Имамдар сұрақтардың бәріне толық жауап беруге тырысты.

0 пікір