ІЛІМ АЛУ - ТАЛ БЕСІКТЕН ЖЕР БЕСІККЕ ДЕЙІН
ІЛІМ АЛУ - ТАЛ БЕСІКТЕН ЖЕР БЕСІККЕ ДЕЙІН
04.09.2020 15:00
171
0

Ибн Омар (Алла одан разы болсын) : «Дін үйрену үшін бір сағат отыру – алпыс жыл нәпіл намаз оқыған сияқты болады»,- депті.  Ал тағы бір атақты сақаба:

 «Білім алыңдар!

 Білім алу – Алладан қорқу.

 Білімді талап қылу – ғибадат.

Алған білімді қайталау – тасбих.

Білімге ынталану – жихад.

Алған білімді тарқату – құрбандық.

Білімді білмегендерге үйрету – садақа»,-деген екен.

Бүгінгі еліміздегі жағдайға  байланысты Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің  ерлер жамағатының ұстазы Абильдаев Рахат өз шәкірттерін тұрақты түрде  қашықтан оқытып келеді. Ол көктемде  карантин басталғалы бері шәкірттерін келісіліп жасалған арнайы сабақ кестесі бойынша  үздіксіз онлайн дәрістер жүргізуде. Сондықтан да жас ерекшеліктеріне қарамастан білім аламын деуші шәкірттер саны да күннен –күнге  артып,  оқу аудиториясы толыға түсуде.

   Қасиетті дініміз  білім алуға ешбір шектеу қоймайды. Әсіресе білімді  бір ғана мектепте, немесе университетте аламыз десек қателескен болар едік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бесіктен қабірге дейін білім алыңдар!» – деген болатын.

 

 

0 пікір