ИХСАН ІЛІМІНІҢ МАҢЫЗЫ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
ИХСАН ІЛІМІНІҢ МАҢЫЗЫ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
21.09.2021 11:30
657
0

Павлодар орталық  «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде және Екібастұз қалалық мешітінде  облыстық "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен     «Ихсан ілімінің маңызы» тақырыбында семинар  ұйымдастырылды.

Семинарға  қалалық мешіттердің әйел-қыз шәкірттері қатысты.

Семинарда ҚМДБ-ның бастамасымен жарық көрген  «Ихсан-рухани тәрбие негізі» кітабының мазмұны бойынша  жаратушы Аллаға ихсан, тұлғалық ихсан, рух және тіл тазалығы, өмірдің қадірі, ихсан және қоғам тақырыптары бойынша ұстаз Қарлығаш Қажымұратқызы кең көлемде уағыз-насихат айтып, түсініктеме берді.

Сонымен қатар шәкірттерден қойылған әртүрлі сұрақтарға жауап берілді.

«Семинар соңында шәкірттерге ихсан іліміне қатысты тақырып  сұрақтар үлестіріп, дайындалып келуге тапсырма берілді. Жоспар бойынша  02 - қазан күні өтетін келесі отырыста бұл тақырыптар әріқарай талқыланады»,-дейді ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы.

 

 

0 пікір