«Халық радиосында» құмар ойындары туралы
«Халық радиосында» құмар ойындары туралы
09.11.2018 15:40
1359
0

Қасиетті жұма күні облыстық «Халық радиосында» қалалық  «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Евфратұлы орыс тілінде «Құмар ойындар» атты тақырыппен тікелей эфирге шықты.  Нұрлан Евфратұлы аталмыш тақырыпты жан-жақты ашуға бағытталған журналистің сұрағына және радио тыңдармандарынан қойылған әртүрлі сұрақтарға толық жауап берді.  Құмар ойнына қатысты бұл кең көлемді тікелей эфирде Нұрлан имам:

Қасиетті Құран Кәрімнің «Мәида» сүресінің 90-91 аяттарында:  «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?» -деп, бұл жамандық атаулыдан аулақ болуға шақырады. Ал ғалымдар болса,  құмар ойындарын еңбексіз келетін табыстын бірі деп қарастырады. Ислам діні әр мұсылманды Алланың көрсеткен жолымен өз ризығын тауып, адал ас ішіп, иманның кәусардай таза бұлағынан сусындауын қалайды. Құмаршы құмарға берілудің  салдарынан Алланың алдындағы, қоғам, өзі мен отбасы алдындағы барлық жауапкершілікті ұмытып, өзіне берілген мүмкіндіктерден айрылады»,-дегенді баса түсіндірді.

 

 Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір