«ХАЛАЛ ДАМУ» СЕРТИФИКАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Екібастұз қалалық мешітінде жұма уағызынан кейін жиналған мұсылман жамағаттың алдында, бас имам Дулат Қабиденұлы ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы атынан ет сатушы Асхат ағамыздың Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі-57 үйде орналасқан «АСХАТ» ЖК ет дүкеніне «Халал даму» сертификатын табыс етті. Рәсімінің жалғасында бас имам Дулат Қабиденұлы жамағатқа халал мәселесіне мұсылман адам өте қатты мән беру керек екенін кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар жұма намазынан кейін жамағатпен 16 желтоқсан құрбандарына арнап Құран оқып, дұға бағышталды.