«Халал Даму» сараптамасы туралы насихатталуда
«Халал Даму»  сараптамасы туралы насихатталуда
05.03.2019 15:41
1217
0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған «Халал Даму» ЖШС-гі елімізде белсенді жұмыс атқарып келеді.

Павлодар облысы бойынша «Халал Даму» ЖШС-не жауапты өкіл Қазбек Какенов бірнеше жылдар өзіне жүктеген жұмысын жауапкершілікпен атқаруда. Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласында ашылған жаңа ғимаратында оқу-семинары өткізіліп, Қазбек Какенов мырза қарқынды атқарған еңбегі үшін Алғыс хатпен және сертификатпен марапатталды.

Қасиетті жұма намазының алдында қалалық «Ақмешіт» мешітінің Бас имамы Нұрлан Қайрбеков пен Павлодар облысы бойынша «Халал Даму» ЖШС-нің жауапты өкілі Қазбек Какенов  Халал стандарт жайында тоқталып, жамағатқа ерекшеліктері мен маңыздылығын атап кетті. Сонымен бірге Павлодар өңірі бойынша «Халал Даму» орталықтарымен және сертификатқа ие болған дүкендер санын, қай мекен-жайда орналасқандықтарын,  «Мал бауыздау және ет өңдеу» сертификатын алған қасапшылар жайлы  атап өтті. Жылдан-жылға біртіндеп оңірімізде шариғат талабына сай «Хала Даму» сараптамасынан тексерілген мекемелер көбеюде.

 

 

Қалалық «Ақмешіт» мешіті

0 пікір