«ХАДИС-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» БІЛІМ САЙЫСЫ
«ХАДИС-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» БІЛІМ САЙЫСЫ
23.01.2023 10:27
406
0

Павлодар қаласы  "Мәшһүр Жүсіп" мешітінде   «Әйел-қыздар секторы»-ның жетекшісі Турғынбай Ақеркенің  ұйымдастыруымен қалалық мешіттердегі  қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсының  шәкірттерінің арасында  «Хадис - асыл қазынам» білім сайысы өтті.

Сайыс үш талаптан  болды: Бірінші шарты хадистің мағнасын толық жатқа айту, екінші шарт  хадис құран аятымен дәлел аяттар айту. Үшінші  шарты  қорытынды хадистің ашықтамасы кең көлемде жеткізу.

Сайысқа қатысқан қатысушылар жоғарғы дәрежеде дайындықпен келген.

Бірінші дәрежелі диплом «Омар әл фарух» мешітінің шәкірті Рахат Аманжол, екінші дәрежелі диплом «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің шәкірті Амангелді Күмісхан, үшінші дәрежелі диплом «Ақмешіт» мешітінің шәкірті Хайратбек Мақпал иеленді. Басқада қатысушыларға мадақтама сыйлықтар берілді.

Шәкірттерді дайындаған мешіт ұстаздарына Алла разы болсын.

Сайыс соңында жиналған жамағатқа мешіт атынан дастархан жайылып, ақжаулықты апалар батасын берді.

 

0 пікір