Ғалымдар Калачидегі «ұйқышылдық ауруының» себебін тапты
Ғалымдар Калачидегі «ұйқышылдық ауруының» себебін тапты
26.05.2015 08:16
1517
0

Калачи ауылындағы «ұйқышылдық ауруына» ауадағы иіс газы мен көмірқышқыл газының үйлесіміндегі оттегінің аздығы себеп болуы мүмкін.
Бұл қазақстандық ғалымдардың алдын ала болжамы.  Ауылдың 12  су қоймасынан алған жерасты ауасы мен суын, сондай-ақ жер қыртысын зерттеу нәтижесінде ғалымдар бұл 3 элементтің қалыпты нормадан артық екенін анықтаған. 
Айта кетейік, бұған дейін мамандар «ұйқы ауруын» ауыл маңындағы жабық уран кендерімен байланыстырып келген болатын.  Жалпы шектен тыс ұйқышылдығына арызданып, дәрігерге қаралған ауыл тұрғындары 100-ден асқан. Соңғы рет мұндай жағдай сәуір айының басында болыпты.
Ғалымдар: «Беймәлім ауру маусымдық болуы да мүмкін», – деген пікірде. Сергей Лукашенко, Қазақстанның Ұлттық ядро орталығы бас директорының орынбасары   -Жергілікті халықтың тең жартысының қан құрамында карбоксигемоглобиннің қалыпты мөлшерден артық екені анықталды. Біздің мақсатымыз – бұған әсер еткен факторларды анықтау. Мәселе қоршаған ортамен байланысты екені дау тудырмайды. Зерттеу барысында ол себептерді міндетті түрде анықтайтын боламыз. Бұл туралы www.khabar.kz хабар таратты.

 

 

0 пікір