«ҒАЛАМНЫҢ РАХЫМ НҰРЫ» РУХАНИ КЕШ
«ҒАЛАМНЫҢ РАХЫМ НҰРЫ»  РУХАНИ КЕШ
27.10.2022 10:05
731
0

Әлемдердің Раббысы Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сипаты туралы "Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік"-Әнбия сүресі,107-аят.

Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) иманның ләззаты жөнінде: "мына үш нәрсе арқылы адам баласы иманның ләззатын татады:Солардың бірі-Алланы және Оның елшісін өзге нәрселердің барлығынан артық жақсы көру"-деген.

Адамзаттың асыл тәжі,тектілердің тектісі,ізгілердің ізгісі,асылдардың асылы болған Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мәуліт мерекесін атап өтудегі мақсатымыз Оны еске алу,теңдессіз тұлғасынан өнеге алуға талпыну,азда болса махаббатымызды арттыру болып табылады.

Павлодар қалалық "Умар әл-Фаруқ"-мешітінің,әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен  "Ғаламның рахым нұры"-атты рухани кеш өткізілді. Кешімізді бүлдіршін қыздарымыздың Құран аяттарын оқуымен басталды. Ары қарай, мәуліт айының құрметіне 7-күндік "Пайғамбарымызға салауат"-марафоны ұйымдастырылған болатын,сол марафон жеңімпаздарын марапаттау рәсімі орындалды. Жалпы марафонға қырықтан аса қыз-келіншектер мен апалар қатысып,төрт жеңімпаз анықталды.

Бірінші орынға-Құран мен эл тәспі иеленген-Сәрсембекова Сұлушаш.

Екінші орынға-"Адамзаттың асыл тәжі"-кітабы мен эл тәспі иеленген-Түрғанбекова Ұмсынған апамыз.

Үшінші орынға-ақшалай  сыйға иегер болған-Қызылордалық Нұрман Жадыра.Төртінші орынға-1-литр зәм-зәм суы мен эл тәспіге-Амралинова Баянсұлу иегер болды.

Рухани кешіміз өз жалғасын "Асыл аналар"-тобының  салауаттың пайдасы жайында хадистер  оқумен жалғасты. Жасөспірім шәкірттер "Дұғаның кереметі"-атты мәнісі терең қойылым қойды. Сонымен қатар иләхи өлеңдер, салауаттар айтылды. Викториналық сұрақтар қойылып,сыйлықтар таратылды. Рухани кешіміз арнайы жайылған дастархан басында жалғасын тапты, бата-тілектер айтылды.

 

0 пікір