
Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешітінің имам, наиб имам, азаншы, ұстаздары түгелдей қамтылған алқалы жиыны өтті. Алқалы жиынға облыстық діни істер басқармасының жауапты қызметшілері қатысты.
Жиында облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы өңір мешіттерінің жыл бойғы 7 бағытта атқарған жұмыстары бойынша жасалған сараптама, яғни өткен 2022 жылды қорытындылап, 2023 жылдың жұмыс жоспарымен кеңінен таныстырып, жауапты имамдар мен ұстаздарға арнайы тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар облыстық Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының диреторы Гүлназ Мақсұтқызы өз саласы бойынша хабарлама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Келесі кезекте өзі жауаптанған қызметі бойынша үздік нәтижелер көрсеткен мешіт қызметшілеріне ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфтидің «Алғыс хат»-ын табыстады. Бұл жоғары марапатқа облыстық «Мәшһүр-Жүсіп» мешітінің іс басқарушысы - Қасымов Қуаныш; ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» орталығының Павлодар өңірі бойынша өкілі - Төлебаев Ислам; Ақтоғай ауданының бас имамы - Қожахметов Ахметолла; қалалық «Омар әль-Фаруқ» мешітінің имамы – Совет Есімбек; ҚМДБ, «Мұнара ТВ» руханият телеарнасының тілшісі – Оразова Майгүл; Павлодар өңірі бойынша «Діни оңалту» жұмыстарына жауапты маман - Қабаев Қанат; облыстық «Мәшһүр-Жүсіп» мешітінің кеңсе хатшысы – Саурақбай Ақбота-лар ие болса,
2022 жылы алға қойған 7 номинация бойынша үздіктер қатарына «Ақсу қалалық» мешітінің бас имамы Омаров Абдумтали «Үздік қала имамы»; Аққулы ауданы «Ғабдул Уахит» мешітінің бас имамы Ибраев Мақсат «Үздік аудан имамы»; Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық «Шоң би» мешітінің молдасы Қожаберген Берік «Үздік ауыл имамы»; Баянауыл ауданы, «Майқайың ауылдық» мешітінің наиб имамы Оспанов Бірлік «Үздік наиб имам»; «Мәшһүр-Жүсіп» мешітінің азаншысы Темірғалиев Серік «Үздік азаншы»; «Ғазиз» мешітінің ұстазы Асқар Қуаныш «Үздік Ұстаз» (ер); «Екібастұз қалалық» мешітінің ұстазы.Шадиева Зәуре «Үздік Ұстаз» (әйел) атанды.
Сондай-ақ облыс бас имамының қолдауымен әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы 20 отбасы қаржылай қолдау көрсетілсе, ҚМДБ, Павлодар қалалық филиалы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің 5 үздік шәкіртіне шәкіртақы (стипендия) тағайындалып, бұл сыйлықты Нұркелді Камалов; Алмас Айтжанов және Рымбек Жылқайдар; Аблай Қайыргелді; Ержан Амралинов есімді шәкірттер қанжығасына байлады.
ҚМДБ, «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы шеңберінде берілетін Павлодар облысы бойынша 620-шы үйдің кілті Аққулы ауданының «Ғабдыл Уахит хазірет» мешітінің әйел ұстазына табысталды.
Дүниелік һәм ақыреттік мақсаттарға жетудің бірден-бір жолы – адал еңбек ету. Қоғамның қай саласы болмасын өзінің ісін, тапсырылған міндетін адал атқарып жүрген адам - Жаратушының алдында да абыройлы.
Алла Тағаланың амандығы, рахметі мен берекеті сіздер мен біздерге болсын!