ЕРТІС АУДАНЫ «ЕРЖАН» МЕШІТІ ӨТКЕН АПТАДА
ЕРТІС АУДАНЫ «ЕРЖАН» МЕШІТІ ӨТКЕН АПТАДА
02.04.2019 16:02
2032
0

 Ертіс ауданы мешітіндегі наурыз мерекесі 

  Ертіс ауданы  мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жанында наурыз мерекесі аталып өтті. Наурыз көже пісіріліп, күндердің сұлтаны жұма күнгі намаздан шыққан жұртшылық арнайы дайындалған   дастарханынан дәм ауыз тиді. Сонымен қатар, Ертіс ауданы  «Ержан»   мешітінің жанынан құрылған арнайы топ   асық ойындары, гир тасын көтеру, тоғызқұмалақ қатарлы ұлттық ойын сайыстары жүрілді. Жүзден жүйрік шыққан палуандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Үйлену оңай, үй болу қиын!

Өткен аптаның жұма күні аудандық «Ержан» мешітінің бас имамы Бақытбек Төлегенұлының жетекшілігімен, бертіндері мешіт жанынан ашылған «Аналар алқасы» клубының ұйымдастыруымен «Үйлену оңай, үй болу қиын» атты жас отбасылар мен жастар арасында кездесу өтті. Аталған клубтың ашылуының негізгі мақсаты, қажы әжелер мен қария аналар өмірден көрген-түйгендерімен бөлісіп, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру.

Кездесуге қатысқан жас отбасылар мен жастар қатары ардагер ұстаз Нұрболат Әутәліпов, Тұрғанбек қажы, Алпан Сатханов, Төкен апа қажы Исабекова, Биғайша Қалитова, Шәкар Сыздықбайқызы сынды аталары мен әжелері жүріп өткен өмір өткелдерінің тәрбиеге толы толқындарынан нәр алып, жақсы қасиеттерін жүректерінің төріне қондыра білді. Көптеген ақыл-кеңестер айтылды. Әсіресе, Төкен апа қажының: «Барған жеріңді бақытты етсең, біз сені жүрегімізде сақтаймыз», - деп кезінде ата-анасының айтқан сөзі әр саналы азаматқа ой салары анық. Өрістерімізді осындай аталы сөздермен сусындатып, өсіп келе жатқан тал шыбықтарымыздың тамырларына қан жүгірте білсек, бақытқа алыстан емес жақыннан қол жеткізеріміз ақиқат.

Бір қиындықтың артында сансыз жақсылық бар екенін ұмытпай, әр нәрсеге сабырлылық танытып, бабалар дәстүрін нық ұстанып, қанағатшыл бола білсек талай асулардан бел асарымыз белгілі.

Алдағы уақытта клуб мүшелері «Үлгілі енелер мен үлгілі келіндер» кездесуінде бас қосып, өмір тәжірибелерімен бөлісіп, «Ислам және өркениет» газетіндегі және «Иман» журналында көтерілген өзекті тақырыптарды ортаға салып, ойларымен бөлісу, сонымен қатар ер балалар аға буын өкілдерімен кездесу өткізіп, алтын құрсақ аналар мен аяулы қыз-келіншектердің дөңгелек үстелдер өткізуі жоспарда тұр. Басты міндет, болашақ жастардың өмір жолдарына ұлттық бағыт-бағдар беру. Өмірдің сара жолының дара жолы, міне, осы болатынын естен шығармасақ болғаны.

 

Ақылбек Қызкенов

Ертіс халал даму

Павлодар облысы Ертіс ауданы «Ардагерлер» клубында Павлодар облысы бойынша ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС өкілі Қазбек Ашкенұлы  семинарын өткізіп, Ертіс жамағатымен кездесті.

Семинарға ауыл имамдар, ақсақалдар, аналар, кәсіпкерлер, қасапшылармен жастар қатысты. Кездесу барысында Қазбек ағамыз халал сөзінің мән-мағынасын түсіндіріп, Ардақты Пайғамбар(с.ғ.с)-ымыздың хадистерін келтірді. Еліміздің ҚМДБ қолдауымен ашылған «Халал Даму» мақсат пен жұмыстарын көпшілікке  баяндады. Жиналған жамағат еліміздегі, сонын ішінде  Павлодар өңірінде  осы «Халал Даму» мен бірлесе қызмет атқарып, сертификат қағаздарын алған кәсіпорындарымен танысты.

 Қазбек ағамыз өз өміріндегі өткен тәжіриебелермен бөлісе отырып, тыңдаушыларды жақсы әсерде қалдырды. Келешекте ақсақалдардың ұсынысы бойынша Қазбек қажыны қайта шақырып, кең көлемде кездесуді өткізуге жоспарланып отыр.

 

 

0 пікір