ЕРІКТІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы «Qairymdylyq Jarshylary» еріктілерінің Павлодар облысындағы аймақтық форумынан кейін Екібастұз қаласының орталық мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, Екібастұз қаласындағы төтенше жағдай кезінде еңбек еткен еріктілерді үздіктер алғыс хаты және zeketten жейдесімен марапатады.
Сонымен қатар осы төтенше жағдай кезінде мешіттегі асқазан басында күн демей түн демей қызмет еткен аспазшыларды және Екібастұз қаласына жақын орналасқан ауыл-аймақтардың жамағатына атап айтқанда: Майқайын, Солнечный, Егіндібұлақ, Мәшһүр Жүсіп, Жұмат Шанин аулы жамағатына ерекше көңіл білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.